Сұрақтар және жауаптар
Егер Сізге «ID Collect (АйДи Коллект) коллекторлық агенттігі» ЖШС-нен қоңырау келіп түссе немесе Сіз хат (смс, e – mail) алсаңыз — бұл Сіздің «ID Collect (АйДи Коллект) коллекторлық агенттігі» ЖШС-не берілген немесе біздің агенттіктің жұмысына табысталған өтелмеген қарызыңыз бар екенін білдіреді. Егер Сіздің жеке қарызыңыз өтелмеген болса, бірақ Сіз борышкермен таныс болсаңыз – маманға борышкердің Сізге белгілі байланыс деректерін хабарлаңыз. Егер Сіз борышкермен таныс болмасаңыз — бұдан былай хабарлама алмау үшін агенттіктің маманына да солай хабарлаңыз.
Егер сіздің қарыз шартыңыз басқа кредиторға берілсе, Сіз қарызды талап ету құқығының бастапқы кредитордан жаңа кредиторға ауысқанын растайтын талап ету құқығын беру туралы хабарлама алуыңыз керек. Егер Сіз қандай да бір себептер бойынша кредиторды ауыстыру туралы хабарламаны алмаған болсаңыз және Сізге «ID Collect (АйДи Коллект) коллекторлық агенттігі» ЖШС алдында қарызыңыз бар екендігі туралы хабарланса, Сіз +7 700 003 77 33 ; +7 778 003 77 33 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз, Сіздің жеке басыңызды растау үшін маманға өзіңіздің аты-жөніңізді және туған күніңізді айтыңыз. Маман «ID Collect (АйДи Коллект) коллекторлық агенттігі» ЖШС қарыз шартын беру фактісін растайды немесе жоққа шығарады, мерзімі өткен берешекке байланысты Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді, қажет болған жағдайда Сіздің мекенжайыңызға Кредиторды ауыстыру туралы қайта хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды
Қарыз сомасын және кредитордың атауын білу үшін +7 700 003 77 33 ; +7 778 003 77 33 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалу қажет, Сіздің жеке басыңызды растау үшін маманға өзіңіздің аты-жөніңізді және туған күніңізді айтыңыз. Маман міндетті түрде мерзімі өткен берешекке байланысты Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді.
Егер Сіздің қарызыңыз цессия шарты бойынша «ID Collect (АйДи Коллект) коллекторлық агенттігі» ЖШС-ға берілген болса, Сіз «Қарызды төлеу» бөлімінде көрсетілген бірнеше төлем әдістерін пайдалана аласыз. Егер «ID Collect (АйДи Коллект) коллекторлық агенттігі» ЖШС Сіздің мерзімі өткен берешегіңізді кредитор атынан өндіріп алса, онда Сізге +7 700 003 77 33 ; +7 778 003 77 33 телефон нөмірі арқылы хабарласу және маманнан мерзімі өткен берешекті өтеу тәсілдерін сұрау қажет.
«ID Collect (АйДи Коллект) коллекторлық агенттігі» ЖШС барлық кезеңдерде мерзімі өткен берешекті өндіріп алады және Қазақстанның барлық аумағында жұмыс істейді. Агенттік қызметінің негізгі бағыттары: сот арқылы өндіріп алу және атқарушылық іс жүргізу барысын сүйемелдеу болып табылады. Егер Сізде мерзімі өткен берешек болса, Сізге мәселені сотқа дейінгі тәртіпте шешуге кеңес береміз.
Сотқа дейінгі тәртіпте берешек мәселесін шешу Сіздің мүддеңіз үшін қажет. Статистика бойынша, 98% жағдайда сот кредитордың пайдасына шешім шығарады. Сот шешімі кредитордың пайдасына шығарылғаннан кейін Сіз берешектің тұтас сомасын бір рет төлеп қана қоймай, кредитордың шығындарын да төлеуге міндетті боласыз.
Берешектің жоқтығы туралы анықтаманы әрекеттегі кредитор береді. Егер Сіздің қарызыңыз «ID Collect (АйДи Коллект) коллекторлық агенттігі» ЖШС -не берілген болса, Сіз біздің «Анықтама алу» сайтындағы нысанды пайдалана аласыз. Сонымен қатар, Сіз бізге +7 700 003 77 33 ; +7 778 003 77 33 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалып, анықтамаға тапсырыс бере аласыз.
Біз өз беделімізді бағалаймыз және кредитор мен борышкер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға ұмтыламыз. Егер сіздің берешегіңізді өндіріп алу барысында Сіздің құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, Сізден бұл туралы «Шағым кітабы» арнайы нысаны арқылы бізге хабарлауыңызды сұраймыз.
Сіздің қарыз шартыңыз басқа кредиторға берілген жағдайда Сіз берешекті талап ету құқығының Сіздің бастапқы кредиторыңыздан жаңа кредиторға ауысқанын растайтын Болып өткен талап ету құқықтарын басқаға беру туралы хабарлама алуыңыз керек. Егер қандай да бір себептермен Сіз Кредиторды ауыстыру туралы хабарлама алмасаңыз, және Сізге «ID Collect (АйДи Коллект)» коллекторлық агенттігі» ЖШС-ң алдында берешегіңіз бар деп хабарлаған жағдайда Сіз «Талап ету құқықтарының ауысуы туралы анықтаманы» сайттағы жеке кабинет арқылы ала аласыз немесе +7 700 003 77 33 ; +7 778 003 77 33 телефондары бойынша қоңырау шалып, жеке басыңызды растау үшін маманға өз аты-жөніңізді және туған күніңізді айта аласыз. Маман «ID Collect (АйДи Коллект)» коллекторлық агенттігі» ЖШС-ң қарыз шартының берілу дерегін не растайды, не жоққа шығарады, Сіздің мерзімі өткен берешекпен байланысты сұрақтарыңызға жауап береді, қажет болған жағдайда Сіздің мекенжайыңызға Кредиторды ауыстыру туралы хабарламаның қайта жіберілуіне бастамашы болады.
Сіздің берешегіңіздің сомасын және кредитордың атауын білу үшін Сіз өз берешегіңіз туралы барлық ақпаратты сайттағы жеке кабинетіңізден біле аласыз және оны басқара аласыз немесе +7 700 003 77 33 ; +7 778 003 77 33 телефондары бойынша қоңырау шалып, жеке басыңызды растау үшін маманға өз аты-жөніңізді және туған күніңізді айта аласыз. Маман міндетті түрде Сіздің мерзімі өткен берешекпен байланысты сұрақтарыңызға жауап береді.
Неғұрлым икемді шарттармен өтеудің жаңа кестесін жасауға болады, оны рәсімдеу үшін сайттағы жеке кабинетке кіріп, қарауға өтінім беруге +7 700 003 77 33, +7 778 003 77 33 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға болады немесе Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 162\7 үй, 4 қабат мекенжайы бойынша ID Collect кеңсесіне бару. Маман міндетті түрде Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді және берешекті өтеудің икемді шарттарын таңдайды.
Кредитті қайта құрылымдау — Сіздің берешегіңізді өтеуді жеңілдетуге бағытталған шарттарды өзгерту.
Сіз өзіңіз үшін ең қолайлы тәсілді таңдап ала аласыз:
- Жеке кабинетте қайта құрылымдауды алуға өтінім беру;
- Компанияның info@idcollect.kz электрондық пошта мекенжайына хат жіберу;
- +7 700 003 77 33; +7 778 003 77 33 телефондары бойынша қоңырау шалу;
- Алматы қ., Шевченко көш., 162/7 үй, 4-қабат мекенжайы бойынша ID Collect кеңсесіне бару.
Қайта құрылымдауды беру үшін комиссия алынбайды.
Қайта құрылымдауды алуды қарауы үшін Сізге қосымша құжаттарды ұсынбай, өзіңіз үшін кез келген қолайлы тәсілмен бізге жүгіну жеткілікті. Біз Сізге жаңа өтеу кестесін ұсынамыз.
Егер өміріңіздегі қиын жағдайға/сырқатыңызға/декретке шығуыңызға/босануыңызға және басқа жағдайларға байланысты өзіңізге бұрынғыдан икемді өтеу шарттарына қол жеткізгіңіз келсе, онда осы жағдайларды растайтын тиісті құжаттарды ұсыну қажет болады:
- жұмыс орнынан қызметақы, оның өзгеруі/азаюы көрсетілген анықтама;
- жұмыстан босатылғаны/қысқартылғаны/толық емес жұмыс күніне ауыстырылғаны/ақысыз демалысқа жіберілгені туралы бұйрық/анықтама/қосымша келісім/еңбек шартына келісім;
- жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын құжат;
- БКБ-нан алынған кредиттік тарихтың жүктемесі туралы анықтама;
- мүгедектік туралы анықтама;
- баланың туу туралы куәлігі;
- емдеу мекемесінен алынған сырқатының барын растайтын құжат;
- шұғыл әскери қызметтен өткенін растайтын құжат және Сіздің мүдделеріңізді білдіруші адамға берілген нотариалдық куәландырылған сенімхат;
- басқа.
Растаушы құжаттардың жарамдылық мерзімі өтінішті қабылдаған кезде құжаттың берілген/алынған күнінен бастап 30 күнтізбелік күннен асып кеткен болмау керек.
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдардың ардагерлері;
2) бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар;
3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына байланысты зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылатын болса, жасы мерзiмдi әскери қызмет өткеру мерзiмiне ұзартылады;
7) қандастар;
8) экологиялық апаттар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызмет атқару, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе оны жүзеге асыру, адам өмiрiн құтқару, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатад
Сіз қайта құрылымдауды алуға өтінімді кез келген қолайлы тәсілмен, әскерге шақырылғаныңызды немесе әскери қызметкердің жедел әскери қызметтен өткеніңізді растайтын құжатты және Сіздің мүдделеріңізді білдіретін өкілге берілген нотариалдық куәландырылған сенімхатты ұсына отырып беруіңіз қажет.
Сіздің борышты өтеу уақытыңыз әскердегі қызмет ету мерзіміне кейінге қалдырылады.
Сіз жеке деректеріңізді кез келген қолайлы тәсілмен жаңартуыңыз керек:
- Алматы қ., Шевченко көш., 162/7 үй, 4-қабат мекенжайы бойынша ID Collect кеңсесіне келіңіз;
- бізбен: +7 700 003 77 33, +7 778 003 77 33 телефондары бойынша хабарласыңыз;
- бізге info@idcollect.kz электрондық пошта мекенжайына немесе WhatsApp-қа жазып, өтініш қалдырыңыз.
Сіз ЖСН енгізіп және Сіздің шотыңызға тыйым салған ЖСО туралы ақпарат алып, сілтемесі бойынша өзіңізді борышкерлердің бірыңғай тізілімінен және шығуға уақытша тыйым салынған жеке тұлға борышкерлердің, заңды тұлғаның лауазымды тұлғаларының тізілімінен іздей аласыз.
Қайтыс болған борышкердің туыстары берешекті өтеу мәселесін әрі қарай реттеу үшін қайтыс болғаны туралы куәлікті ұсына отырып, бізге кез келген қолайлы тәсілмен жүгіну керек:
- Алматы қ., Шевченко көш., 162/7 үй, 4-қабат мекенжайы бойынша ID Collect кеңсесіне келіңіз;
- бізбен: +7 700 003 77 33, +7 778 003 77 33 телефондары бойынша хабарласыңыз;
- бізге info@idcollect.kz электрондық пошта мекенжайына немесе WhatsApp-қа жазып, өтініш қалдырыңыз.
Иә, Сіз үшінші тұлғаның (борышкердің) кредиті бойынша берешекті мерзімінен бұрын өтей аласыз.
Өзіңізге қолайлы кез келген тәсілмен бізбен хабарласыңыз:
- Алматы қ., Шевченко көш., 162/7 үй, 4-қабат мекенжайы бойынша ID Collect кеңсесіне келіңізз;
- бізбен: +7 700 003 77 33, +7 778 003 77 33 телефондары бойынша хабарласыңыз;
- бізге info@idcollect.kz электрондық пошта мекенжайына немесе WhatsApp-қа жазып, өтініш қалдырыңыз.
Иә, анықталды! Берешекті өтеудің одан да икемді шарттарын алғысы келетін азаматтардың санаттары, соның ішінде, бірақ төмендегі тұлғалармен шектелмейді:
- еңбек ұтқырлығы орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген немесе орташа айлық табысы (берешегі бойынша барлық борышкерлердің жиынтық орташа айлық табысы) төмендеген тұлғалар;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына (бұдан әрі — ХӘОТ) жатқызылған немесе ХӘОТ мәртебесін алған немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен) бірге тұратын борышкерлер;
- «Еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі екі айдан астам белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен көзделген аурудың салдарынан 2 (екі) айдан астам еңбекке уақытша жарамсыз болып табылатын немесе мынадай аурулары бар тұлғалар:
- 3 топтағы мүгедектік болған жағдайда АИТВ-инфекциясы;
- туберкулезді менингит, сүйектер мен буындардың (омыртқа мен жамбас) туберкулезі, жалпыланған туберкулез, кең дәріге төзімді туберкулез, бактерия бөлетін өкпе туберкулезі, сонымен бірге 1Г тобында байқалатын және симптоматикалық ем алатын тұлғалар;
- мүгедектік тобының болуына қарамастан қатерлі ісіктер;
- 3 топтағы мүгедектік болған кезде дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы;
- борышкердің орташа айлық жиынтық табысының (берешек бойынша барлық борышкерлердің жиынтық орташа айлық табысының)төмендеуіне әсер еткен 3 топтағы мүгедектік болған кезде орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялаушы аурулары;
- бала (балалар) тууына байланысты демалыста немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болатын тұлғалар. Бұл шарт борышкердің жұбайына (зайыбына) қолданылады;
- оларға қатысты борышкердің жақын туысының, жұбайының (зайыбының) ауруына, қайтыс болуына байланысты мән-жайлар белгіленген;
- жазатайым оқиға, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері (борышкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланған айналымдағы тауарларды немесе өзге де мүлікті ұрлау), өрт, су басу салдарынан материалдық залал келтірген, борышкердің жылжымайтын мүлкін шартта тіркелген немесе тұратын мекенжайы ретінде көрсетілген мекенжай бойынша жойған немесе өтеу шарттарының орындалмауына әкеп соққан мән-жайлар белгіленген еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алуға болмайтын жағдайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай) салдарынан берешекті өтеуді мүмкін еместігіне әкелген жағдайлар.
Иә, «Коллекторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 6-1 бабына сәйкес борышкер және (немесе) оның өкілі берешек бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру туралы өздеріне (өзіне) хабар берілген күннен кейін кез келген мерзімде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінуге құқылы, онда берешектің пайда болу себептері, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мәліметтер, оның коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жүгінуінің мән-жайларын (фактілерін) растайтын өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Берешекті ұжымдық реттеуге арналған finkelisim.kz платформасы
Жаңа сервис бір уақытта бірнеше кредитор — банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер алдында тұтынушылық кепілсіз кредиттер, яғни мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға арналған. Енді қарыз алушыға берешекті реттеу мәселелері бойынша әрбір кредиторға жеке-жеке жүгіну қажет болмайды. Ол finkelisim.kz платформасында олардың алдында міндеттемелері бар барлық кредитор қарайтын бір өтініш бере алады. Медиатордың қызметтерін қоспағанда, қарыз алушының ұжымдық реттеу рәсіміне қатысуы тегін. Бұл ретте 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін медиатордың қызметтеріне төленетін шығыстар банк және микроқаржы омбудсмандарының есебінен өтелетін болады. finkelisim.kz платформасы қарыз алушының барлық кредитор алдындағы берешегі туралы мәліметтерді автоматты түрде жинайды және жолданымды қарауға қажетті ақпаратты қалыптастырады. Жолданымды қарау және кредиторлармен талаптарды келісу нәтижелері бойынша қарыз алушыға 5 жылға дейінгі мерзімге, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге берешекті өтеудің бірыңғай кестесі ұсынылуы мүмкін.
Платформада өтінішті бір уақытта мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыз алушы бере алады:
- екі және одан да көп кредитор алдында кредиттер бойынша 90 күнге және одан да астам күнтізбелік күнге созылған мерзімі өткен берешегі бар;
- кредиттер бойынша жиынтық берешек 150 АЕК- 1 600 АЕК, яғни 2026 жылы 648 750 — 6 920 000 теңгеаралығында болады;
- берешек бойынша өндіріп алу туралы сот актілері, нотариустың атқарушылық жазбалары және мәжбүрлеп өндіріп алудың өзге де шаралары жоқ.
Бұл ретте ұжымдық реттеу рәсіміне мынадай қарыздары бар қарыз алушылар қатыса алмайды:
- ипотекалық қарыздар;
- автокредиттер;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты банктік қарыздар немесе микрокредиттер;
- алаяқтық жолмен ресімделген кредиттер;
- заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызмет өткеретін қарыз алушыларға төлемдерді кейінге қалдыру берілген кредиттер;
- медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім қолданыста болған кредиттер;
- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімдері қолданылатын берешек.
Ең алдымен қарыз алушы өзінің жеке басын растау және бөгде адамдардың өтініш беруін болдырмау үшін платформада тіркеуден, соның ішінде биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек. Содан кейін ол берешекті реттеуге өтініш береді.
Бұдан әрі платформа кредиттік бюроның деректері бойынша қарыз алушының ұжымдық реттеу шарттарына сәйкес келетіндігін автоматты түрде тексереді.
Егер қарыз алушы белгіленген шарттар мен өлшемшарттарға сәйкес келсе, платформа реттеу аясына енгізілуі мүмкін кредиттер тізімін жасайды және бұл ақпаратты кредиторларға жібереді.
Кредиторлар қарыздар бойынша мәліметтерді тексереді және берешек мөлшерін растайды. Осыдан кейін платформада қарыз алушыға қол қою үшін құжаттар жіберіледі: омбудсманның шешімі бар хаттама, қарызды өтеудин бірыңғай кестесі, медиатормен шарт, сондай-ақ әрбір кредитормен медиативтік келісімдер.
Қарыз алушы ұсынылған шарттармен танысып, платформада 72 сағат ішінде құжаттарға қол қоюға тиіс. Егер осы мерзімде құжаттарға қол қойылмаса, бұл реттеу рәсіміне қатысудан бас тарту болып саналады.
Құжаттарға қол қойылғаннан кейін кредиторлар реттеу рәсіміне енгізілген кредиттер бойынша берешекті өндіріп алуды тоқтата тұрады.
Бұдан кейін қарыз алушы бірыңғай кесте бойынша төлемдерді енгізеді, ал платформа ақшаны берешек мөлшеріне теңбе тең кредиторлар арасында бөледі.
Ұжымдық реттеу рәсімін қолдану және оның аяқталуы туралы ақпаратты кредиторлар кредиттік бюроларға жіберетін болады.
Егер қарыз алушы қол қойылған келісімдердің шарттарын орындамайтын болса, кредитор төлемдердің 40 күн мерзімі өткеннен кейін заңдарда белгіленген тәртіппен берешекті өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте қарыз алушының берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне қайтадан қатысуына жол берілмейді.
Кредиттер бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ қарыз алушылар «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру туралы мәселені қарауға құқылы.
Жеке тұлғаның соттан тыс банкроттығына өтініш беру тәртібімен egov.kz электрондық үкімет порталында https://egov.kz/cms/ru/services/economics/pass_P1_mf сілтемесі бойынша танысуға болады.
Бірыңғай кесте қарыз алушының берешегінің жалпы сомасын ескере отырып қалыптастырылатын болады.
Жалпы шарттарда қарыз алушылар үшін:
— жиынтық берешек 1 млн теңгеге дейін болған кезде ең жоғары ай сайынғы төлем 12 ай мерзімге 84 мың теңгені құрайды;
— 5-7 млн теңге аралығындағы жиынтық берешек кезінде ең жоғары ай сайынғы төлем 60 ай мерзімге 117 мың теңгені құрайды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін неғұрлым жеңілдетілген жағдайлар көзделген:
— жиынтық берешек 1 млн теңгеге дейін болған кезде ең жоғары ай сайынғы төлем 18 ай мерзімге 56 мың теңгені құрайды;
— 5-7 млн теңге аралығындағы жиынтық берешек кезінде ең жоғары ай сайынғы төлем 84 ай мерзімге 84 мың теңгені құрайды.