Жаңалықтар

Коллекторлық агенттіктер Қазақстан коллекторлары қауымдастығының мүшелері берешекті қайта құрылымдауды жүргізеді!

01.12.2022

Кредиттер бойынша берешекті өтеу бөлігінде халықты қолдау мақсатында Қазақстан коллекторлары қауымдастығы (ҚКҚ) мерзімі өткен борыштарды төлеудің жеңілдікті шарттарын қолдану жөнінде іс-шаралар жүргізеді.

Қайта құрылымдау рәсімі мерзімі өткен берешегі бар барлық қарыз алушылар үшін, ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтарының (ХӘОТ) өкілдері, сондай-ақ қаржылық қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін қолайлы өтеу кестесін ұсынуды көздейді.

Бұл ретте борышты сауықтырудың негізгі әдісі тиісті келісім жасасу жолымен өтеудің жаңа/жеңілдікті кестесін қалыптастыру болады. ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларға қатысты кейбір жағдайларда қарызды ішінара есептен шығару қарастырылады.

Әрбір өтініш бойынша шешімді ҚКҚ–ға мүше коллекторлық агенттік дербес қабылдайды.

Осылайша, жоғарыда аталған іс-шаралар азаматтарға қарыз жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл жұмысты ҚКҚ-ның мүшелері қарыз алушы мен кредитор арасында мәмілеге келу үшін жүйелі түрде жүргізеді деп жоспарлануда.

Қарыз алушылардың өтініші үшін жалпы шарттар:

  1. Қарызды талап ету құқығы коллекторлық агенттікке тиесілі;
  2. Берешекті қайта қаржыландыруды ҚКҚ Мүшелері болып табылатын коллекторлық агенттіктер ғана жүргізеді.
Кері оралу

Кері байланыс

Сенім және құрметпен қарау-біздің негізгі қағидатымыз. Тек жағдайыңыз туралы айтып беріңіз, біз бірге шешім табамыз.
Бізге жазыңыз