Жаңалықтар
ID Collect – облигация шығарған БІРІНШІ коллекторлық агенттік. 14,5% табыстылықпен $5 млн-ға орналастыру
28.04.2023
Қазақстан қор биржасының (KASE) листинг комиссиясы 2023 жылғы 27 сәуірде KASE ресми тізіміне «Жеке орналастыру» алаңына «ID Collect («АйДи Коллект)» коллекторлық агенттігі» ЖШС-ң (Алматы қ.) KZ2P00009681 ($100 000, $5,0 млн, 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 14,50 %; 30/360) облигацияларын кіргізу туралы шешім қабылдады.
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2023 жылғы 28 сәуірде күшіне енеді.
Осылайша, компания $5 млн-ды жылдық 14,5%-бен тартады. Аталған облигацияларға IDCOpp1 қысқартылған белгілеуі (сауда коды) берілді.
Тартылған қаражаттарды компания әрі қарай басқару және өндіріп алу үшін берешек портфельдерін сатып алуға жіберуді жоспарлап отыр.
Кері байланыс
Сенім және құрметпен қарау-біздің негізгі қағидатымыз. Тек жағдайыңыз туралы айтып беріңіз, біз бірге шешім табамыз.
Бізге жазыңыз