Жаңалықтар

ID Collect компаниясы жеке сот орындаушыларына арналған конференцияны өткізді.

18.04.2022

Компания ұйымдастырған іс-шараның шеңберінде жеке сот орындаушылары (ЖСО) мен ID Collect компания арасындағы өзара әрекеттесу сұрақтары мен жаңа заңнамалық өзгерістер талқыланды.

«Біздің жұмысымызда біз ЖСО тарапынан деректерді уақытылы ұсынбау фактісімен жиі кездесеміз, соның нәтижесінде қарыз алушылармен және реттеуші органдармен қиыншылықтар туындайды. Конференция мақсаты — әріптестердің назарына осы ситуацияны жеткізу, олардан кері байланыс алу және серіктестермен ары қарай жұмыс жүргізу мүмкіндіктерін талқылау» — деді ID Collect компаниясының бас директоры Ануар Отарбаев.

Қарыз алушы берешекті толық өтеген кезде қаражат ЖСО-ның арнайы шотына түседі. Сома ары қарай агенттікке жіберілгеннен соң барлық шектеулер және клиенттен тыйым салулар алынады. Егер қарызды өндіргеннен кейін ЖСО қарыз сомасын уақытылы аудармаса, берешек өтелмеген болып қалады және тиісінше қарыз алушы жаңа кредит алу, шотты ашу, ҚР аймағынан шығу және т.с.с. қиыншылықтарға тап болады. Осы туралы Отарбаев мырза қосымша айтып өтті.

«Конференция бізге ЖСО өкілдерімен жеке танысып, өзара әрекеттесу жолдарын талқылауға мүмкіндік берді. Атқарушылық құжаттардың үлкен көлемде болуына байланысты бізге ЖСО қызметін бақылауға мәжбүрміз», — деді Отарбаев мырза.

Бұған қоса конференцияда жаңа заңнамалық нормалар туралы сөз қозғалды. Мұндай ақпарат конференцияның барлық қатысушыларына қажет болады. Оның ішінде жеке тұлғалардың банкроттық механизмі туралы ақпарат берілді.

«ЖСО топ жұмыстарына қатыспауына байланысты олар заңнамалық өзгерістер туралы біле бермейді. Біз өз кезегімізде жақын арада жеке тұлғалардың банкроттық туралы жаңа заң қабылданатындығы туралы айттық. Бұл заңнамалық норма атқарушылық өндірісті тоқтату мен берешекті шығын ретінде есептен шығару секілді іс-шараларға тікелей әсер етеді», — деп сөзін қорытындылады бас директор.

Кері оралу

Кері байланыс

Сенім және құрметпен қарау-біздің негізгі қағидатымыз. Тек жағдайыңыз туралы айтып беріңіз, біз бірге шешім табамыз.
Бізге жазыңыз