Жаңалықтар
ID Collect компаниясы 19 қазанда Алматы қаласында өткен «Capital Markets Kazakhstan» Cbonds-Congress VI конференциясына қатысты
19.10.2023
ID Collect компаниясы өзін Қазақстанның корпоративтік облигациялар нарығындағы ірі кейс ретінде ұсына отырып, «Capital Markets Kazakhstan» Cbonds-Congress VI конференциясына қатысты. ID Collect бүгінгі таңда $12 млн сомасына KASE-те облигациялардың 2 шығарылымын шығарып үлгерді.
Конференция шеңберінде Қазақстанның облигациялар нарығының өзекті және ең көкейкесті мәселелері талқыланды. Бағдарламада Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын реттеуге және оның инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінді. Дөңгелек үстелдің әдеттегі қатысушыларының арасында: реттегіштердің, биржалардың, жетекші жергілікті және халықаралық банктердің, халықаралық рейтингтік агенттіктердің және бағалы қағаздар нарығының басқа да кәсіби қатысушыларының өкілдері болды.
Сөз сөйлеу барысында Бас директор Маргарита Зайцева ID Collect-ң инвестициялық тартымдылығының факторлары, жоғары технологиялы және автоматтандырылған бизнес-үдерістер, компанияның даму стратегиясы және т.б. туралы айтып берді.
Әрине, бұл коллекторлық бизнес үшін жаңа тәжірибе және жаңа сын-тегеуріндер болып табылады.
Іс-шарада жасалған фотолар:


