Жаңалықтар
Қазақстан нарығында ID Collect инновациялық коллекторлық агенттігі өз қызметін бастады
20.09.2020
Негізгі бағыт: қарыздарды сатып алу, сотқа дейінгі және сотта өндіріп алу, атқарушылық іс жүргізу болып табылады. Компания борышкерлермен өзара әрекеттесу кезінде жаңа технологияларды, тиімді және тек заңды әдістерді қолданады.
ID Collect Қазақстанның барлық өңірлеріндегі қарыздарды қайтаруға көмектеседі. Компания 2020 жылы жұмыс істей бастады. Мерзімі өткен берешекті банктерден және микроқаржы компанияларынан сатып алады және ақшаны сотқа дейінгі және сот тәжірибесі шеңберінде қайтарады. Машиналық оқыту негізінде жаңа технологияларды пайдаланады және инновациялық IT-жүйелерін белсенді енгізеді. Сондықтан ID Collect-тегі процестердің көпшілігі автоматтандырылған. ID Collect топ-менеджерлері банктер мен коллекторлық агенттіктерде мерзімі өткен қарыздармен жұмыс жасауда үлкен тәжірибеге және жоғары беделге ие.